27 тамызда Көкшетау-Жамантұз аралығындағы теміржол өткелінде жүк пойызы жеңіл авто көлікпен соқтығыса жаздады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Локомотив бригадасының кәсіби іс-қимылының арқасында соқтығысудың алды алынды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.
Болған оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді темір жол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, мұқият болуға және әрқашан пойызға жол беруге шақырады. Пойызды бірден тоқтату мүмкін емес екенін және соқтығысудың салдары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.