Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан ТЖД қызметкерлері қаза тапты

/
Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан ТЖД қызметкерлері қаза тапты
видеодан скриншот

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы жол апаты Семей — Курчатов тасжолында болған. Облыстық ТЖД мәліметінше, қаза тапқандардың арасында ведомство қызметкерлері де бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті төрт адамның өмірін қиған жол апатына қатысты түсініктеме берді. Қаза тапқандардың екеуі ведомство қызметкерлері болғаны анықталды.

«2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:30 шамасында департаментке жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түсті. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде Абай облысы ТЖД-ның екі қызметкері бар. Жеке құрам мен басшылық қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Бұл — ауыр қасірет әрі орны толмас қайғы», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Ведомство қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдауды көрсетіп жатқанын және алдағы уақытта да жалғастыратынын атап өтті.

Қазіргі уақытта болған оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне объективті баға беріледі.

Абай облысында көліктердің маңдайшалап соқтығысуы салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар қаза тапқан.

Бұған дейін Абай облысының полициясы жол апаты 26 тамызда сағат 15:30 шамасында Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі көліктің қатысуымен болғанын хабарлаған. Көліктер Семей — Курчатов тасжолының 35-шақырымында соқтығысқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары