"Зейнетке шықсам, ауылға келемін": Мақпал Жүнісова болашақ жоспарын айтты

/
"Зейнетке шықсам, ауылға келемін": Мақпал Жүнісова болашақ жоспарын айтты
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова туған жері Қарқаралыға барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Өнер иесін жерлестері ерекше ықыласпен қарсы алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туған өлкесін аралаған әнші ауылдың тіршілігіне сүйсініп, болашақта елге оралу жоспары бар екенін айтты.

"Жайылым толған мал. Ауылымыз елге толсын. Қалаға қашпаңыздар, ауылға қайтыңыздар. Жерге ие болыңыздар. Мен де пенсияға шықсам, ауылға келіп тұрайын деп жатырмын. Ол үшін келіп өз қолыммен үй салғым келеді. Сиыр сауу білемін, бие сауу білемін", - деді ол.

Мақпал Жүнісова ауыл өміріне жат емес екенін айтып, зейнетке шыққан соң туған жерінде тұруды қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын туған жерге ие болып, елді мекеннің тіршілігін жандандыруға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары