«Қандай қиянат жасадым?»: Бағдагүл емшіні келіні де сотқа бергені мәлім болды

/
«Қандай қиянат жасадым?»: Бағдагүл емшіні келіні де сотқа бергені мәлім болды
Скриншот

Атышулы танымал емші Бағдагүл өзін келіні сотқа бергенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Ақ келін» деген пайдам сотқа беріпті! Барлық көрші, ағайын-тумамды, достарымды ертіп барамын. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова ақтөбелік емшіні тексеруді талап еткен еді. Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желіде сынықшы әрі емші ретінде танылған. Алайда кейінгі уақытта оның тікелей эфирдегі мәлімдемелері көпшілік арасында дау тудырды. Соңғы дауға тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты айтқан сөздері себеп болды.

Динара Сәтжан емшінің қызметі мен табысына қатысты бірқатар сұрақ көтерді. Ол “ақылы бата” үшін түскен қаржы қайда аударылатынын, емшінің салық төлейтін-төлемейтінін, адам емдеуге лицензиясы бар-жоғын анықтауды сұраған болатын.

Ал аз күндер бұрын Бағдагүл Лепесоваға сот үкімі шықты. Ол продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты “жала жабу” бабымен кінәлі деп танылып, 1 миллион 557 мың теңге айыппұл арқалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар