Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жағымсыз оқиға болды. Ер адам қолайлы жер іздемей, көпқабатты үйдің терезесінен тікелей дәрет сындырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға куәгерлері болған жайтты байқап, оны видеоға түсіріп үлгерген.
Бұл жағдайға полиция да жауап берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ер адамның жеке басы анықталуда.
«Жеке басы анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы белгілі болғаннан кейін аталған адамның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі», – деді полиция.