Жастарымыз Конституцияны жақсы білуі қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

/
Жастарымыз Конституцияны жақсы білуі қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада өтіп жатқан «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында біз тұтас қоғам болып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруымыз қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сондай-ақ өскелең ұрпақты табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу қажет. Мен бұған дейін мектептер мен жоғары оқу орындарына экологиялық ағарту саласының бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігі жөнінде айттым. Үкімет бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтауға тиіс. Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қолданыс аясын кеңейте түсу керек. Қазір бұл бағдарлама, негізінен, орта білім саласында ғана жүзеге асырылып жатыр. Ұрпақ тәрбиесі – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Дегенмен осы мәселеге келгенде барлық жауапкершілікті тек мектептерге артып қою дұрыс емес. Біз тұтас қоғам болып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруымыз керек. Ең маңызды мақсат: Конституцияның негізгі қағидаттары ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі болуға тиіс. Жастарымыз Конституцияны жақсы білуі қажет. Сонда ғана қоғамымыз өркениетті, білімді, ұқыпты, ал еліміз өте дамыған әрі озық болатынына күмән жоқ», – деді Президент.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар