Түрмеден босап шыққан жасөспірімнің анасымен қауышуы көптің көңілін босатты (ВИДЕО)

/
Түрмеден босап шыққан жасөспірімнің анасымен қауышуы көптің көңілін босатты (ВИДЕО)
Скриншот

Алматыдағы №11 түзеу мекемесінде рақымшылық туралы заң аясында кәмелетке толмаған жасөспірім босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бостандыққа шыққан жасөспірімді анасы мекеме алдында күтіп алды. Желіде ана мен баланың қауышқан сәтінен жарияланған видео көптің жүрегін елжіретті.

Баласының босап шыққанына қуанған ана мекеме қызметкерлеріне және Президентке алғысын айтты. Желіде көпшілік ана мен баланың енді ажырамауын тілеп, жасөспірімге алдағы өмірінде дұрыс жолдан таймауға тілек білдірді.

«Ешкімнің басына бермесін мұндай сынақты», «Енді ойланып, қадам жаса», «Ана мен бала ажырамасыншы», «Жаным сол. Барлық бала түзу жолмен жүріп, саналы болсын», «Көзіме жас келді. Аман есен шықтың ғой. Анаңның үмітін ақта енді», «Ананы баламен сынамасын», – деп жазды желі қолданушылары

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар