Танымал актер Асылбек Боранбаевтың жары Гүзел Ушурова сұхбат беріп, өзінің шыққан отбасы, өскен ортасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Анам – қазақ. Әкемнің өзі де – аралас. Өзім қазақ тілі және әдебиеті мамандығын оқыдым. Филология ғылымының кандидатымын. Анша-мұнша қазақтың өзіне қазақша үйретіп жіберемін. Ұлтым аралас болғанымен, ортам қазақ болғаннан кейін қазақшадан басқа тіл білмеймін. Ұйғыр білмеймін, түсінемін. Өйткені жастайымнан қазақ ауылында өстім. Қазақ мектебінде оқыдым. Ауылымызда ұлты аралас адамдар болды. Бірақ біздің үйде мұсылманшылық, қазақшылық қатты сақталған», - дейді ол.