Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Жарлық мәтінінде.