Түркіменстанда жанармай үшін "жанталас" басталды

Түркіменстанда жанармай үшін "жанталас" басталды

Түркіменстанда жанармай үшін "жанталас" басталды
ашық дереккөзі
Ашхабадтағы жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұған жанармай бағасы өсуі мүмкін деген қауесет себеп болған, деп жазады centralasian.org
2 мамырға қараған түні Ашхабад қаласынан шыға берістегі күре жолдардың бойында орналасқан жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Жүргізушілер автокөліктерін ғана емес, өздерімен ала келген құтыларға да жанармай толтырып әкетіп жатты. Таңертең қала шетіндегі кем дегенде бес жанармай бекетінде бензин таусылып қалған. Тұрғындар бензин бағасы көтерілуі мүмкін деген қауесетке алаңдап отыр. Ресми баспасөз және мемлекеттік мекемелер үкіметтің жанармай бағасын көтеруге қатысты жоспары туралы әзірге ештеңе хабарлаған жоқ. Соңғы мәрте Түркіменстанда бензин бағасы 2015 жылы қаңтарда президент жарлығымен көтерілді. Сол кезде автокөлік жанармайының бағасы 60 пайызға өскен еді. Қазір А-95 маркалы бензин 1 манат тұрады (ресми бағам бойынша, 3,5 манат 1 долларға тең).