Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға тап берді

/
Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға тап берді
istockphoto

Шілде айының соңында Риддер маңындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жақын жерде орналасқан демалыс базасының маңында аю адамға тап берді, деп жазды turkystan.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жыртқыш омартада жұмыс істейтін Риддер қаласының 58 жастағы тұрғынына тұра ұмтылған. Оны қасындағы екі ер адам ажалдан аман алып қалған.

Зардап шеккен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің мәліметінше, оның басы, қолы мен аяғында ауқымды жарақаттар болған. Атап айтқанда, қолы мен аяғы бірнеше жерден сынып, сүйек сынықтары ығысқан.

Осыдан кейін оқиға орнына инспекторлар барып, жануардың көзін жойған.

"Адамға нақты қауіп төнген жағдайда ғана аюларды атамыз", – деп хабарлады орман және аңшылық шаруашылығы.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда қоңыр аюлардың саны өскені хабарланған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары