230
Бомба жайлы әзілдеген ауған дипломаты Астана әуежайындағыларды әбігерге салды
Бомба жайлы әзілдеген ауған дипломаты Астана әуежайындағыларды әбігерге салды
Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Баракидің "бомба туралы" әзілін "орынсыз" деп бағалады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Бараки 1 мамырда Кабулға ұшу керек болған. Астана әуежайында кеден қызметкерлерінің дипломат қол жүгі туралы сұрағына ол "бомба" деп жауап берген. Сол себепті кеденшілер оны рейске жібермей қойған.
Мұхтар Тілеубердінің журналистерге айтуынша, арнайы қызмет мамандары оның дипломатиялық мәртебесінен бейхабар болған. Дегенмен Тілеуберді ауған дипломатының әзілін "орынсыз" деп сипаттады. Оның айтуынша, түсінбеушілік шешімін тапты, ал дипломатқа еліне оралуға рұқсат берді.
Астана әуежайының баспасөз хатшысы Камила Қасымбекованың айтуынша, дипломат бұл жауабымен "ережені өрескел бұзған", дипломатиялық мәртебесі ғана оны қорғап қалған.