Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

/
Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады
Ақорда

Президент Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, ал Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар