Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері алдында музыкалық флешмоб ұйымдастырылды

Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері алдында музыкалық флешмоб ұйымдастырылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында Құрылтай сайлауына дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Кешкі Төлеби» атты музыкалық флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлау учаскелері алдында ашық аспан астында өнер көрсеткен ауданның өнерпаздары көпшілікке танымал әндерді орындап, тұрғындарға мерекелік көңіл сыйлады. Әуезді әуенге бөленген алаңда тұрғындар ән тыңдап, өнерпаздарға қолдау білдірді.  Музыкалық шараның ерекшелігі – мәдени бастама мен қоғамдық маңызды науқанның қатар өтуінде. Ашық аспан астындағы концерт аудан тұрғындарының белсенділігін арттырып, сайлау күнін ерекше форматта өткізуге мүмкіндік берді.

«Бүгін – ел үшін маңызды күн. Дауыс беруге келген тұрғындарға әнмен көңіл күй сыйлап, осы күннің ерекше өтуіне өз үлесімізді қосқымыз келді. Өнер арқылы ел бірлігін, жақсы көңіл күйді насихаттау біз үшін үлкен қуаныш», – деді аудан өнерпаздары.

Айта кетейік, Төлеби ауданында Құрылтай сайлауына арналған 69 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 67-сі ашық, 2-еуі жабық сайлау учаскесі. Ауданда барлығы 70 328 сайлаушы тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар