Qarmet металлургтері мен кеншілері сайлауда дауыс берді

/
Qarmet металлургтері мен кеншілері сайлауда дауыс берді

Теміртау қаласындағы №265 сайлау учаскесінде Qarmet компаниясының конвертер цехында еңбек ететін болат қорытушылар бригадасы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Металлургтер бүгін ауысымға шықпағанымен, Құрылтай депутаттарының сайлауына әріптестерімен бірге келуді жөн көрген.

«Біз үшін жауапкершілік жұмыс ауысымымен аяқталмайды. Комбинатымыздың, қаламыздың және еліміздің қалай дамитыны бізге маңызды. Сондықтан бүгін сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасап отырмыз», деді МНЛЗ №1 және №2 учаскесінің бастығы Владимир Сороцкий.

Сонымен қатар Qarmet көмір департаментіне қарасты «Тентек» шахтасының кеншілері Шахтинск қаласындағы №329 және №330 сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Осылайша, компанияның металлургтері мен кеншілері әртүрлі қалалардағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар