1300 шақырым: ультрамарафоншы сайлауға қатысу үшін Астанадан Алматыға дейін жүгіріп келген

/
1300 шақырым: ультрамарафоншы сайлауға қатысу үшін Астанадан Алматыға дейін жүгіріп келген

58 жастағы ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов Құрылтай сайлауына қатысу үшін Астанадан Алматыға дейінгі 1300 шақырымға жуық жолды жаяу және жүгіріп өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы сапарын тамыз айының басында Астанадан бастаған. Дала жолдары мен құбылмалы ауа райына қарамастан, ол күрделі бағытты екі аптаға жуық уақытта еңсерді. Марафонның соңғы нүктесі Алматыдағы сайлау учаскесі болды. Меңдібай Әлімғазинов дауыс беру күні межелі жерге жетіп, өз таңдауын жасады.

Ультрамарафоншы бұл сапарды спорттық сынақ қана емес, азаматтардың ел болашағын айқындауға қатысуының маңызын еске салатын жеке мақсаты ретінде қабылдағанын айтты.

Ол жол бойында қарсы алып, тамақпен, қонатын орынмен және қажетті қолдаумен көмектескен қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Сайлау учаскесінде дауыс берген спортшы осылайша 1300 шақырымдық ерекше марафонын аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары