Түркістанда жас жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне сөз салды

/
Түркістанда жас жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне сөз салды

Түркістанда Құрылтай сайлауы жас жұптың өміріндегі ерекше сәтпен есте қалды. №103 сайлау учаскесінің алдында қала тұрғыны сүйіктісіне көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас жігіт ел үшін маңызды күнді өз өміріндегі ең жауапты шешімдердің бірімен байланыстыруды ұйғарған.

«Бүгін еліміз үшін де, мен үшін де тарихи күн. Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық таңдауымды жасай отырып, өмірімдегі ең маңызды таңдауымды да жасағым келді. Сүйіктіммен бірге болашаққа қадам басқым келеді. Сондықтан дәл осы күні оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым. Оның жауабы мен үшін өте маңызды», деді қала тұрғыны.

Жігіттің ұсынысын сайлау учаскесі маңындағы тұрғындар қошеметпен қабылдады. Бұл сәт Түркістандағы сайлау күнінің есте қаларлық оқиғаларының біріне айналды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары