Каспий теңізіндегі аралда еңбек ететін мұнайшылар Құрылтай сайлауында дауыс берді

Каспий теңізіндегі аралда еңбек ететін мұнайшылар Құрылтай сайлауында дауыс берді

NCOC компаниясының Солтүстік Каспий жобасында еңбек ететін қызметкерлер Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл алғаш рет вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысындағы өндірістік нысандарда екі сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

Оның бірі Батыс Ескенедегі «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының «Самал» вахталық қалашығында орналасқан. №288 сайлау учаскесіне 1 397 сайлаушы тіркелген. Қазір учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр.

Өндірістік нысандардың аумағында сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс орнынан кетпей-ақ өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Атырау облысында 11 271 азамат вахталық әдіспен жұмыс істейді. Оның ішінде 3 575 адам – Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар