Абай облысында түрлі этнос өкілдері сайлауға бірге барды

/
Абай облысында түрлі этнос өкілдері сайлауға бірге барды

Абай облысы Бесқарағай ауданында түрлі этнос өкілдері Құрылтай сайлауында бірге дауыс берді деп хабарлайды turkystan.kz Абай облысы Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Бесқарағай ауданы – 30-ға жуық этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ынтымақ пен бірлікті берік ұстанған өңір.

Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлау күні ауданымыздағы түрлі этнос өкілдері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

– Ауданымызда 30-ға жуық этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Бүгін де барлығымыз бірге келіп, ел болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Бірлігіміз бен татулығымыз әрдайым берік болсын, – деді Неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Надежда Зигле.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар