"Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" Құрылтай сайлауында дауыс берді

/
"Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" Құрылтай сайлауында дауыс берді

Абай облысы Аягөз ауданында 18 жастағы жас жұп Қозы Көрпеш – Баян сұлу бейнесінде Құрылтай сайлауына қатысып, алғаш рет өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Абай Облысы Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Жас жұп үшін бұл күннің маңызы ерекше. 18 жасқа толу – азаматтық жауапкершілікке қадам басатын маңызды кезең болса, алғашқы дауыс беру – ел болашағына деген өз көзқарасын білдірудің мүмкіндігі.

Бүгін біз үшін ерекше күн. 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп, өз азаматтық таңдауымызды жасадық. Ел болашағы жастардың қолында деп ойлаймыз. Барша құрдастарымызды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамыз, – дейді олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар