Құрылтай – 2026: қазірге дейін сайлаушылардың 37,05 пайызы дауыс берді

/
Құрылтай – 2026: қазірге дейін сайлаушылардың 37,05 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу көрсеткішін жариялады. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 12:00-де елімізде 4 670 816 сайлаушы бюллетень алған. Бұл – тізімде бар азаматтардың 37,05 пайызы, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 47,59 пайызы дауыс берген. Одан кейін Жетісу облысы тұр, көрсеткіш – 47,29 пайыз. Ең төмен нәтиже Алматы қаласында тіркелді, 17,87 пайыз.

Өңірлердегі дауыс беруге қатысу көрсеткіші:

Астана қаласы: 35,28 пайыз.

Абай облысы: 38,51 пайыз.

Ақмола облысы: 39,57 пайыз.

Ақтөбе облысы: 42,53 пайыз.

Алматы облысы: 39,05 пайыз.

Атырау облысы: 35,84 пайыз.

Батыс Қазақстан облысы: 35,49 пайыз.

Жамбыл облысы: 35,54 пайыз.

Жетісу облысы: 47,29 пайыз.

Қарағанды облысы: 40,56 пайыз.

Қостанай облысы: 34,72 пайыз.

Қызылорда облысы: 47,59 пайыз.

Маңғыстау облысы: 34,68 пайыз.

Павлодар облысы: 35,74 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысы: 38,13 пайыз.

Түркістан облысы: 43,14 пайыз.

Ұлытау облысы: 34,93 пайыз.

Шығыс Қазақстан облысы: 41,89 пайыз.

Алматы қаласы: 17,87 пайыз.

Шымкент қаласы: 41,60 пайыз.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14:00-де жарияланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар