Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылының тұрғындары Құрылтай сайлауына ерекше форматта қатысты. №174 және №175 сайлау учаскелеріне ауыл тұрғындары бір мезетте жиналып, «Бір ауыл – бірлікпен» ұранымен өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір уақытта 450-ге жуық тұрғынның дауыс беруі ауыл халқының ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігін көрсетті. Қарашоқылықтар үшін бұл – жай ғана дауыс беру емес, ел болашағына ортақ таңдау жасауға бірлікте қатысудың көрінісі.
Бүгін осындай форматта Жетісу облысының тағы 5 ауылында да тұрғындар бірге ел болашағы үшін дауыс беріп жатыр.