Маңғыстаудағы сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды

/
Маңғыстаудағы сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды
Маңғыстау облысы ҚКО

Маңғыстау облысында Құрылтай депутаттарын сайлау күні сайлау учаскелерінде мерекелік әрі жылы атмосфера орнаған. Тұрғындар үшін концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер, ұлттық ойындар және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңертеңнен бастап алаңдарда әуезді музыка шырқалып, шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылуда. Сонымен қатар жергілікті қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен отандық өндірушілердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылған.

Ұлттық дәстүрлерге де ерекше мән берілуде. Жекелеген алаңдарда қазақ халқының мәдени мұрасын танытатын ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өтіп, бірлік пен көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруда.

Сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңір тұрғындары сайлауға қатысумен қатар, күні бойы өтіп жатқан мерекелік іс-шараларға да қатысуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары