Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылдық округіндегі Құрылтай сайлауына алғашқылардың бірі болып қазақ вальсінің каролі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттаушы Геннадий Стоматов дауыс беруге келді. Қазақ әндерін құйқылжыта орындайтын өнерпаз ел ертеңі үшін маңызды саяси науқанға атсалысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Құрылтай сайлауы еліміз үшін аса маңызды саяси науқан. Көксарайлықтар бұл науқанға бей-жай қарамаймыз. Сондықтан бүгін ауылымыздың әрбір тұрғыны өз таңдауын жасайды деп сенемін”, - деді дауыс беруші.
Айта кетейік, Отырар ауданында 40 сайлау учаскесі және 28 669 сайлаушы бар. Барлық учаскелер таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Онда дауыс берушілерге бар жағдай жасалып, арнайы дауыс беру кабиналары қойылған.