Еліміздің шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды. Бұл шетелде жүрген азаматтардың Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Исетовтың хабарлауынша, шетелдегі сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.
Астана уақытымен сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып Токио мен Сеул қалаларындағы қазақстандықтар дауыс беруді бастады. Ондағы сайлау учаскелері Астана уақытымен сағат 03:00-де жұмысын бастаған.
Қазір шетелдегі сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған азаматтар саны – 228 адам.
Дауыс беру процесі шетелдегі қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.