Астанада 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады

/
Астанада 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада сағат 07:00-де 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Таң атқалы сайлау учаскелеріне дауыс беру үшін келген қала тұрғындарының белсенділігі байқалады, деп хабарлайды turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар өз тұрған жерінде дауыс бере алады.

Айта кетейік, астаналықтар өз сайлау учаскесінің мекенжайын бірнеше жолмен біле алады:

ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz;

Telegram чатботтары arkyly:

https://t.me/sailau_astana_bot;

109 нөмірі бойынша бірыңғай іКотек байланыс орталығы арқылы.

Сондай-ақ бүгін, 23 тамызда, Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесімен, қалалық, экспресс және қала маңындағы қоғамдық көлікпен қатынау тегін екенін атап өткен жөн. Бұл шара тұрғындардың емін-еркін жетуіне жағдай жасап, сайлау учаскелеріне баруын барынша қолайлы етуге бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары