Елімізде тарихи Құрылтай сайлауы басталды

/
Елімізде тарихи Құрылтай сайлауы басталды
Фото: әкімдіктен

Бүгін Қазақстанда тарихи Құрылтай сайлауы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.

Айта кетейік, әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.

Сайлау қорытындысы бойынша 145 депутат бес жылдық мерзімге сайланады. Дауыс беру партиялық тізім бойынша өтеді. Сайлауға жеті саяси партия қатысып отыр.

Сайлау учаскелері негізінен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам учаске ашылған, ал кейбір учаскелер таңғы 06:00-ден бастап жұмысын бастады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдерді санау басталып, сайлаудың ресми қорытындысы белгіленген тәртіппен жарияланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары