Малайзия, Сингапур, Индонезия, Вьетнамдағы сайлау учаскелері жұмысын бастады

Малайзия, Сингапур, Индонезия, Вьетнамдағы сайлау учаскелері жұмысын бастады

Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты шетелдегі қазақстандықтар да дауыс беруге кірісті. 23 тамызда өтетін сайлауға шетелде жүрген азаматтар да қатыса алады. деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастаған-тын.

Енді Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Одан кейін Сингапурдағы №449, Индонезиядағы №464 және Вьетнамдағы №476 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

🇲🇾🇰🇿 Малайзия — №423

🇸🇬🇰🇿 Сингапур — №449

🇮🇩🇰🇿 Индонезия — №464

🇻🇳🇰🇿 Вьетнам — №476

Осылайша, әлемнің әр түкпіріндегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауға өз таңдауын жасауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары