Алматы облысында мейрамханадан өрт шықты

/
Алматы облысында мейрамханадан өрт шықты
Видеодан скриншот

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы Тлендиев көшесінде мейрамхана ғимаратында өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасы.

Өрт сөндірушілердің алғашқы легі келген кезде ғимараттың барлық аумағы ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"ТЖМ бөлімшелері келген кезде мейрамханада қонақтар болмаған. Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір оттегі баллонын алып шықты.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін, өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары