"Біреудің өмірінен хайп табу емес": Мөлдір Мұқанова жаңа әнін таныстырды

/
"Біреудің өмірінен хайп табу емес": Мөлдір Мұқанова жаңа әнін таныстырды
ашық дереккөзден

Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әнін таныстырып, туындының қандай ойдан туғанын айтты. Өнер иесі бұл жазбасы біреудің тағдырынан сенсация жасау немесе біреуді айыптау мақсатында жазылмағанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мөлдір Мұқанова соңғы уақытта елімізде әйелдерге қатысты болып жатқан зорлық-зомбылық оқиғаларына бейжай қарай алмай, жаңа әнін көпшілікке ұсынды. Өнер иесі бұл туынды арқылы зардап шеккен әйелдердің тағдырына назар аударып, қоғамды қатыгездікке қарсы тұруға үндегісі келгенін жеткізді.

"Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба? Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүренімнің сыздап отырғаны – ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды… Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…" – деп жазды Мөлдір Мұқанова.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар