ШҚО-да полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған 2 жұмысшыны құтқарып қалды

/
ШҚО-да полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған 2 жұмысшыны құтқарып қалды
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде полицей өз өмірін қатерге тіге отырып, "Молодежный" КМК-нің екі жұмысшысын құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

20 тамыз күні шамамен сағат 14:30-да "Молодежный" КМК-нің екі жұмысшы Қасым Қайсенов кентіндегі №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалау жұмысын жүргізген.

Жұмыс барысында ер адамдардың бірі кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да артынан түсіп, ол да есінен айырылған.

Оқиғаны Ұлан ауданының криминалисі Асет Нағашбаев байқап қалған. Ол сол маңнан өтіп бара жатып, кәріз құдығы жанындағы адамдардың дабылға толы айқайын естіп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берген.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов жетті. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол кідірместен арқан сұратып алып, оны бекітіп, кәріз құдығына түскен.

Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, полицей әрекетін тоқтатпады. Ол санаулы минут ішінде алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін шығаруға көмектескен. Одан соң екі азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар