Ұлдана Мырзуанның өлімі: Айыпталушының адвокаты судьядан бас тартуды сұрады

/
Ұлдана Мырзуанның өлімі: Айыпталушының адвокаты судьядан бас тартуды сұрады
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта айыпталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы ОСИ төрайымы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіру туралы өтініш берді. Қорғаушының айтуынша, оған қылмыстық іс материалдарымен танысуға жеткілікті уақыт берілмеген.

Судья сот отырысына үзіліс жариялады. Судьяға қарсылық білдіру туралы өтінішті басқа судья қарайды.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 18 қарашада жансақтау бөлімінде он күн жатып, қайтыс болды.

8 қарашада ол жедел жәрдем бригадасының құрамында тұрғын үйдің кірпіш қаптамасы опырылып түскен жерге шақырту бойынша барған. Үйінді астында қалған бес адамға медициналық көмек көрсетіп жатқан кезде, ғимараттың қаптама элементтері оның үстіне құлаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары