Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Instagram-дағы taldykorganec_kolesa парақшасында Талдықорған - Текелі тасжолында болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат жарияланды. Кадрлардан екі көліктің қатты зақымданғанын көруге болады.
Жетісу облыстық полиция департаменті жазбаға пікір қалдырып, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деп түсіндірді полиция.
Полиция жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және қиылыстардан өту кезінде барынша сақ болуға, қарсы бағыттағы көлікке жол беруге және қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырады.