Астана полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, елордада "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.
Полиция қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.
Негізгі назар қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет етуге аударылуда.
ЖПІШ аясында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Haval маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатты. Көлік тізгінінде 28 жастағы жүргізуші болған. Тексеру нәтижесінде оның бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Астана полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген ережелерді сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және қауіпсіздікке қатер төнген немесе қандай да бір оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінен дереу көмек сұрауға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда полиция жұмысы күшейтілгені хабарланған болатын. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында көшелер, аулалар және адамдар көп жиналатын орындарда патруль жүреді.