Қызылордада кәсіпорын қызметкерлеріне 106 млн теңге жалақы төлемеген

/
Қызылордада кәсіпорын қызметкерлеріне 106 млн теңге жалақы төлемеген
istockphoto.com

Қызылорда облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында бірқатар оңды жұмыстар атқарды, деп хабарлайды turkystan.kz

Мысалы, талдау аясында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де 606 жұмыскерге мамыр айының жалақысы төленбегені анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесімен 606 жұмыскерге 106,3 млн теңге жалақысы төленді.  

Шиелі ауданының білім бөліміне қарасты 18 мемлекеттік және 65 жеке балабақшаның 1365 қызметкеріне 2026 жылдың шілде айының жалақысы төленбегені белгілі болды. 

Прокуратураның ықпалымен (араласуымен) қызметкерлердің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 261 млн теңге жалақы қарызы өтелді. 

Осы тектес, Қармақшы ауданы бойынша 553 балабақша қызметкерінің 25,4 млн теңге жалақысы төленді. 

Одан бөлек, Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ұжымдық шарттары зерделеніп, заңға сәйкестендірілді.

Нәтижесінде, кіші буын қызметкерлерінің жыл сайынғы демалысына қосымша 12 күн қосылып, 220 адамның құқықтары қалпына келтірілді.

Биыл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында 20 қадағалау актісі енгізіліп, 36,2 мың адамның құқықтары қорғалды (оның ішінде 9,9 мың конституциялық құқықтары), 691,3 млн теңге жалақы қарызы өндіріліп, кінәлі 135 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар