Маңғыстауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

/
Маңғыстауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Lider.kz

Маңғыстау облысында полиция мен жақындары Ақтөбе қаласының 31 жастағы тумасы Жандарбек Сейілхановты іздеп жатыр. Ер адам 15 тамыз күні кешке үйінен көлікпен шығып кеткен, содан бері оралмаған. Ұялы телефоны өшірулі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудандық полиция бөлімінің ресми бағдарлауына сәйкес, 1995 жылы туған Сейілханов Жандарбек Бекбергенұлы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы үйінен шамамен сағат 17:00-18:00 аралығында Toyota Camry көлігімен шыққан. Мемлекеттік нөмірі – 259 AJS 04. Жоғалған азаматтың туыстарының айтуынша, ол достарымен серуендеп, кейін үйіне қайтпақ болған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жандарбек Сейілхановтың бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қара-қоңыр немесе қара, шашы қысқа әрі қара. Үйден шыққан кезде үстінде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім болған.

Полиция мен туыстары Жандарбек Сейілхановтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе аталған көлікті көрген азаматтардан дереу 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Туыстарымен байланысу үшін: +7 (778) 167-73-37, +7 (701) 492-29-09.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары