"Баланың ең бірінші жауы – туған анасы": Айгүл Иманбаева тосын мәлімдеме жасады

/
"Баланың ең бірінші жауы – туған анасы": Айгүл Иманбаева тосын мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бала тәрбиесі мен ата-ананың перзентіне қатысты ойы туралы пікірін ортаға салды. Өнер иесі ананың баласы үшін үнемі алаңдап, жаман жағдайларды ойлай беруі кері әсер етуі мүмкін деген көзқарасын жеткізді, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Instagram парақшасында ата-ананың баласына қатысты қорқыныш пен жағымсыз ойларға шамадан тыс берілуін сынға алды.

"Баланың ең бірінші жауы ол – туған анасы. "Ойбай балам ауырып қалмады ма, көлік қағып кетпеді ме?! Үйтіп қалмады ма, бүйтіп қалмады ма" деген өзінің ойында жүретін 1040 жаман ойларын ойлай, ойлай баласы жайлы дәнек секілді, қияр-қызанақ секілді ойын жерге себеді. Ол күннің күнінде 5,10, 20 жыл өткенде де ол себепкен тұқым өсіп жемісін береді. Балаға бірдеңе болған кезде ата-ана "мен білгенмін, сезгенмін" дейді. Жоқ, оны сіздің жүрегіңіз сезген жоқ. Ол ойды сізді 5-10 жыл бұрын септіңіз. Оның уақыты келді, жемісін берді", – деді Иманбаева.

Сондай-ақ әнші ата-ананың бүкіл өмірін тек баласына арнап, өз қажеттіліктерін екінші орынға ысыруын дұрыс деп санамайтынын айтты. Оның пікірінше, баланы жақсы көрудің де өз өлшемі болуы керек.

"Ішіңдегі жақсы көретін баланың өзін орнымен, "Алланың аманаты ғой" деп қана жақсы көру керек. Қазақта "балам үшін Астанаға көштім, ауылдан Алматыға көштім. Балам үшін" деп өмір сүріп жатыр. "Балам үшін" деген ұғым қорқынышты нәрсе. Сіз өзіңіз үшін өмір сүріңіз, сіз бүтін болсаңыз, рухыңызбен бірге гармонияда өмір сүрсеңіз балаңыздың өмірі де, балаңыздың сізбен қарым-қатынасы да онсыз да гармонияда болады", – деді Айгүл Иманбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар