ІІМ тасжолдардағы қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді

/
ІІМ тасжолдардағы қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді
Polisia.kz

ІІМ ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Құрметті жүргізушілер! Қазір тасжолдардағы жылдамдыққа қатысты айыппұлдар бойынша біраз сұрақ туындағанын көріп отырмыз. Сондықтан не болғанын қысқаша түсіндіргіміз келеді.

13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның "ЕРАП" ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болды. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір-сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жүргізушілерге айтарымыз: ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады.

Тағы да атап өтеміз: мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр.

Жағдай бақылауда, — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар