Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш ер адам құтқарылды

/
Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш ер адам құтқарылды
istockphoto

Маңғыстау облысында үрлемелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Кеше кешке "112" пультіне Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ер адамдар шамамен екі сағат бұрын "Кендірлі" демалыс базасы маңында үрлемелі қайықпен теңізге шыққан.

"Іздеу барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен тапқан. Ол бортқа көтеріліп, жағаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қалған екі ер адамды іздеу жұмыстары түнде де жалғасты. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен теңіз аумағының кең болуына байланысты қиындық тудырған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын төрт секторға бөліп жүргізді.

Жалпы, мамандар теңіздің 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерген. Нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды. Үшеуінің де өміріне қауіп жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар