Атырау облысының Индер ауданында жол-пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Жол-пайдалану қызметіне тиесілі көлік жолға шыққан жылқымен соқтығысқан. Апат салдарынан жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.
Сонымен қатар 30 қыркүйекке қараған түні Үлкен Алматы айналма автожолында да ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолда тұрған Renault автокөлігіне соғылған.
Бұл жол апатынан үш адам зардап шекті.