Оралда қайғылы жағдай болды

/
Оралда қайғылы жағдай болды
istockphoto

Орал қаласында жол апатынан әйел адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі Зачаган кентінде Жәңгір хан көшесімен келе жатып, «Жәңгір хан» сауда үйі тұсында солға қарай бұрылу кезінде Lada көлігіне жол бермеген. Салдарынан автокөліктер соқтығысып, Chevrolet Aveo автокөлігінде отырған әйел жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған. Аталған автокөліктің тағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан. 

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мәліметке қарағанда, оқиға 13 тамыз күні шамамен сағат 23.50-де болған. Жол апаты салдарынан жүкті келіншек қайтыс болған. 

Қазіргі кезде оқиға куәгерлері, сондай-ақ фотоға түсірген немесе бейнежазбаға жазып алған адамдар іздестіріліп жатыр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары