Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы саябақтардың бірінде кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы (16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу) бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.
"9 тамызда күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берілетінін еске салды.