Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол қарындасына арнаған жазбасында әділдік орнауы үшін бар күшін салып жүргенін айтып, өзін кешіруін сұрады.
«Нұрайка, әділдік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Мені кешірші... Сені қорғап қала алмадым...» — деп жазды Сұлтан Серікбай.
Бұған дейін марқұмның ағасы отбасы үшін ең бастысы өтемақы алу емес, қарындасының өліміне кінәлі адамның заң алдында ең ауыр жазаға тартылуы екенін айтқан.
Нұрайдың жақындарының сөзінше, олар сегіз ай бойы істің сотқа жетуі және әділ шешім шығарылуы үшін күрескен. Осы уақыт ішінде отбасы өкілдері қажетті дәлелдерді жинап, істің соңына дейін жетуіне күш салған.