Аттан құлап, жарақат алған Астана тұрғыны бір айдан астам уақыт өткен соң көз жұмды. Қылмыстық істі қайта саралау жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Ақмола облыстық ПД-ның мәліметінше, оқиға Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде болған. Әйел аттан құлап, жарақат алған.
«Астана қаласы тұрғынының аттан құлауына байланысты 2026 жылғы 6 шілдеде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2026 жылғы 13 тамызда зардап шегуші алған жарақатынан қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыстық іс қайта сараланады», – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта қажетті процестік тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.