Ақмола облысында автобус өртенді

/
Ақмола облысында автобус өртенді
ТЖД

Ақмола облысы Степногорск қаласында маршруттық автобуста өрт шықты. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Автобус салонынан 10 адам өздігінен эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт автобус салонына тез тараған. Жағдайды газ баллонды жабдықтың болуы қиындатты.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар газ баллонды жабдықты салқындатып, өртті жедел сөндірді және жағдайдың одан әрі өршуіне жол бермеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар