Шымкентте полиция қызметкерлері өзен ағысымен ағып кеткен екі қызды құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға Қарабастау ауданында суға шомылу кезінде екі қызды ағыс әкетіп бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер судағы бойжеткендерді көріп, дереу көмекке ұмтылды. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, жағаға жетуіне көмектесті.
Құтқарылғаннан кейін қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынған.