Алматы маңындағы тауға шыққан бір топ жасөспірімдер күтпеген жағдайға тап болды

/
Алматы маңындағы тауға шыққан бір топ жасөспірімдер күтпеген жағдайға тап болды
t.me/qr_tjm

Алматы облысында тауға көтерілген жасөспірімнің денсаулығы сыр беріп, оған құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Қарасай ауданындағы Космостанциядан «Турист» шыңына апаратын бағытта болған. Таудан түсіп келе жатқан жасөспірім өзін жайсыз сезініп, жолын әрі қарай жалғастыра алмаған.

ТЖМ мәліметінше, одан тау ауруының белгілері байқалған.

Жасөспірімге көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖМ Республикалық "Барыс" жедел-құтқару жасағының мамандары жіберілді. Құтқарушылар оны таулы бағыттан тауып, жағдайын бағалағаннан кейін төменге дейін алып түсті.

Эвакуациядан соң жасөспірім Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Медицина мамандары оған қажетті тексеру жүргізіп, тиісті көмек көрсетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар