Асылы Осман II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

/
Асылы Осман II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды
Алматы қаласының әкімдігі

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері және Алматының құрметті азаматы Асылы Әлиқызы Осман II дәрежелі "Барыс" орденіне ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік награда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табысталды. Орденді Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тапсырды.

Асылы Осман ұзақ жылдар бойы қазақ тілінің дамуына, оны кеңінен насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып келеді.

Ол Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Сондай-ақ ғалымның 200-ден астам ғылыми және аударма мақаласы жарық көрген.

Мемлекет басшысы Асылы Османның мемлекеттік тілді дамыту, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы еңбегін жоғары бағалаған.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да қоғам қайраткерінің қаланың қоғамдық және мәдени өміріне қосқан үлесін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар