285
Қызылордалық емханалар медициналық тексерістен өткен мұғалімдердің ақшасын жымқырған
Қызылордалық емханалар медициналық тексерістен өткен мұғалімдердің ақшасын жымқырған
Қызылорда облысында мұғалімдерден медициналық тексеру үшін заңсыз жиналған қаражат кері қайтарылуда. Прокуроратура тексеру барысында денсаулық сақтау заңнамаларының бұзылғанын анықтаған, деп хабарлайды Астана арнасы.
Прокурорлардың сөзінше, мұғалімдерді емханалар ақылы медициналық тексерістен өтуге мәжбүрлеген. Қазір заңсыз жиналған 6 мыңнан 20 мыңға дейін аралықтағы қаражат кері қайтарылып жатыр.Заң талаптарына сәйкес, мектеп, колледж бен жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері оқу жылының басында терапевт дәрігердің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиіс.