ЭКСПО-ға Майк Тайсон келеді

Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл кезде ол өзінің жекпе-жегіне дайындалатын болса да, біз оның Астанаға келуі үшін келіссөздер жүргізе береміз», — деп атап өтті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекқожин.
Конвенция аясында қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында ұйымдастырылады.
Кештің басты оқиғасы WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ, ол қырықтан астам елде көрсетілетін болады.